Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы тауларында 18 жастағы мотоциклші жарақат алып, құтқарушылар көмегіне жүгінді

Малика Хамит 15 қаралым
Алматы тауларында 18 жастағы мотоциклші жарақат алып, құтқарушылар көмегіне жүгінді

Алматыдағы Бутаков шатқалында мотоциклмен жүрген 18 жастағы жігіт жарақаттанып, құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға Медеу ауданындағы таулы жерде болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық құтқару қызметінің мамандары оқиға орнына барып, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Кейін жарақат алған жігітті қауіпсіз жерге тасымалдап, одан әрі ем алу үшін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандарына тапсырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp