Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы тауларында жаңа мегажоба: министрлік экологияға қауіп жоқ дейді

Малика Хамит · · 816 қаралым
Алматы тауларында жаңа мегажоба: министрлік экологияға қауіп жоқ дейді

Алматы маңында жүзеге асырылатын Almaty SuperSki тау шаңғысы кластері қоршаған ортаға кері әсер етпейді, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында жобаны іске асыру барысы қаралды. Жоба аясында Алматы тау кластерінде жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын тау шаңғысы трассаларын, 11 заманауи аспалы жолды және жаңа инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланған. Нысандардың бір бөлігі әлемге танымал Foster + Partners сәулет бюросының жобалары бойынша бой көтереді.

Kazakh Tourism Development компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаевтың айтуынша, жаңа кешеннің өткізу қабілеті тәулігіне 10 мыңнан астам адамды құрайды.

Экология министрі жобаның қоршаған ортаға ықпалына қатысты арнайы зерттеулер жүргізілгенін айтты.

Министрлік ғалымдар және жетекші эколог мамандармен бірлесіп, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізгенін, оның қорытындысы бойынша жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға кері әсер етпейтіні анықталды
деді Ерлан Нысанбаев.

Өз кезегінде Премьер-министр жобаны уақытылы іске асырудың маңызын атап өтті.

Барлық қажетті шешімдер қабылданды. Сондықтан сын айтатындар, әрине, бола береді. Оған қарамай, бәрін тездетіп жүзеге асыру керек. Бізге нақты нәтиже керек. Бұл жобаны жүзеге асыруда экология мәселелеріне аса назар аудару керек
деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы жобаның барлық кезеңінде халықпен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp