Алматы тауларындағы Фурманов шыңында адасып кеткен екі турист құтқарылды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Түнгі уақытта 112 қызметіне әйел адам хабарласып, қызы мен жас жігіттің Қимасар шатқалы арқылы Фурманов шыңына көтерілгенін, алайда күндізгі уақыттан кейін олармен байланыс үзілгенін айтқан. Сондай-ақ олардың геолокациясын анықтау мүмкін болмаған. Туыстарының мәліметінше, туристер Фурманов шыңының маңында болуы ықтимал болған.
Хабарлама түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы іздестіру жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар «Әткеншек» шатқалына жеткеннен кейін Фурманов шыңына қарай жаяу көтерілген.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жас жігіт пен қыз Фурманов шыңының етегінен табылды. Олар шатырда болған. Жеке заттарын жинап болған соң құтқарушылар туристерді Қимасар шатқалы арқылы қауіпсіз түрде төменге алып түсті.
[playlist type="video" ids="56402"]
Екі турист те аман-есен қалаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.