Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы тауларында жоғалған екі турист құтқарылды

Бақытжан Мұса · · 754 қаралым
Алматы тауларында жоғалған екі турист құтқарылды

Алматы тауларында құтқарушылар теңіз деңгейінен 3680 метр биіктікте қалып қойған екі жас жігітті аман-есен төменге түсірді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, 112 қызметіне 2003 және 2004 жылы туған екі туристің 27 маусым күні таңертең Үлкен Алматы шыңына көтеріліп, кешке дейін оралуы тиіс болғаны туралы хабарлама түскен. Алайда олар белгіленген уақытта байланысқа шықпаған, ал ұялы телефондары желі аймағынан тыс болған. Соңғы геолокациясы сол күні шамамен сағат 17:00-де Үлкен Алматы шыңының солтүстік беткейінде анықталған.

Хабарлама түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап, туристерді тауып, қауіпсіз жерге жеткізді. Олар экопостқа дейін түсірілді. Екі жас жігіттің де жағдайы қалыпты, медициналық көмек қажет болған жоқ.

[playlist type="video" ids="56244"]

ТЖМ азаматтарға тауға шығар алдында баратын бағыты мен болжамды қайту уақытын жақындарына алдын ала хабарлап, ауа райы жағдайы мен маршруттың күрделілігін міндетті түрде ескеруге кеңес береді.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp