Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы тауларында жоғалған екі жасөспірім аман-есен табылды

Малика Хамит · · 98 қаралым
Алматы тауларында жоғалған екі жасөспірім аман-есен табылды

Алматы маңындағы тауларда серуендеп жүрген екі жасөспірім «Шымбұлақ» шыңынан түсу кезінде бағытынан жаңылып, маршруттан адасып қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

ТЖМ мәліметінше, олар Башут шыңының маңынан табылған. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар жедел шығып, күрделі таулы аймақта жасөспірімдерді қауіпсіз түрде тапқан.

Құтқару барысында олардың бірінің аяғы жарақат алғаны анықталып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін арнайы альпинистік құралдардың көмегімен екеуі де қауіпсіз жерге түсірілді.

Жасөспірімдер аман-есен ата-аналарына тапсырылды.

[video width="1072" height="1904" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/07/IMG_7977.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp