Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Малика Хамит · · 298 қаралым
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

4 маусым күні сағат 21:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі орын алды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, қазіргі уақытта сейсмикалық станциялар желісінен түскен ақпарат өңделіп жатыр. Жер сілкінісінің эпицентрі мен сезілу деңгейі туралы деректер нақтылануда.

Ведомствоның хабарлауынша, бекітілген өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес барлық тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат берілген. Сондай-ақ Алматы қаласы полиция департаментінің жедел кезекшісі хабардар етілді.

Қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

ТЖМ жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Мамандар тұрғындарға сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды, лифт пен баспалдақты пайдаланбауды, терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұруды ескертеді. Сонымен қатар электр желілері, ғимараттар мен ағаштардан қауіпсіз қашықтықта болу, балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету маңызды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp