Алматы қаласының «Алма Сити» тұрғын үй кешеніндегі төртінші қабаттағы пәтерлердің бірінің балконында қоқыс өртенген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 4 маусым күні кешке болған. Пәтердің балконында қоқыс өртеніп, өрттің аумағы небәрі бір шаршы метрді құраған.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өртті өтіп бара жатқан азамат – Ахметов есімді тұрғын сөндірді. Ол батылдық танытып, балконға кіріп, жанған қоқысты жерге лақтырған. Осы әрекеті арқылы ол өрттің таралуына және ықтимал ауыр зардаптарға жол бермеді
Сонымен қатар, ведомство өкілдері ер адамды ТЖМ басшысының атынан марапаттауға ұсынғандарын айтты.