Мазмұнға өту
qandastar.

"Алматы жастары" бағдарламасына құжат қабылдау басталды

bahitzhanabzal · · 240 қаралым
"Алматы жастары" бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Фото: ашық дереккөз
Алматы әкімдігі 2025 жылғы 14-26 наурыз аралығында 35 жасқа дейінгі қала жастары үшін "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиелерін алу бойынша өтінішті қабылдау басталғанын хабарлайды, деп жазды qandastar.kz
Бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары:
  • Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
  • Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2550 адам, оның ішінде 1050 "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары.
Бөлісу: Telegram WhatsApp