Мазмұнға өту
qandastar.

«Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады

Бақытжан Мұса · · 538 қаралым
«Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады

Алматыда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Отбасы банкке сілтеп мәлімдеді.

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында қатысушылар 20 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Бағдарлама бойынша мөлшерлеме – 5 пайыз, ал бастапқы жарна 10 пайызды құрайды. Сонымен қатар, тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықтан сатып алуға мүмкіндік беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткердің жасы 35-тен аспауы тиіс. Сондай-ақ Алматы қаласында кемінде бір жыл тұрақты тіркеуде болып, соңғы бес жылда өзінің немесе отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы қажет. Бұдан бөлек, қалада кемінде алты ай ресми еңбек өтілі мен міндетті зейнетақы жарналары болуы шарт.

Өтінімдер 1 маусым сағат 09:00-ден 15 маусым сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Құжаттарды kezekte.kz порталы арқылы ЭЦҚ көмегімен тапсыруға болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp