Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда 1,3 мыңнан астам тұрғын үйінде дауыс берді

Бақытжан Мұса
Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Алматыда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы кезінде 1 391 тұрғын үйінде дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды. Мұндай қызмет денсаулық жағдайына немесе науқас отбасы мүшесіне күтім жасауына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтарға арналған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Үйде дауыс беру үшін азаматтар 29 қараша күні сағат 12:00-ге дейін тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша немесе ауызша өтініш беруі қажет болды. Өтінішті туыстары арқылы жеткізуге де мүмкіндік қарастырылған.

Өтініштер қабылданғаннан кейін комиссия мүшелері тасымалданатын дауыс беру жәшігімен азаматтардың тұрғылықты мекенжайына барған. Бюллетень алу үшін сайлаушы жеке басын куәландыратын құжатын көрсетіп, өтінішке қол қоюы тиіс болған.

Айта кетейік, бүгін, 29 қарашада, Алматыда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Қала бойынша 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Сайлауға қатысты қосымша ақпаратты бірыңғай 109 нөмірі арқылы алуға болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp