Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда 10 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды

Малика Хамит · · 945 қаралым
Алматыда 10 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстық топтардың қызметін тоқтату бағытындағы жұмыстар аясында 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды

порталы

-ке сілтеме жасап.

Операция 8 мамыр күні жүргізілген.

Күдіктілердің арасында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар. Олар мегаполис аумағында жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде қару қолданылған бұзақылыққа, бопсалауға, денсаулыққа ауыр зиян келтіруге және қару-жарақтың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында 21 санкцияланған тінту жүргізілген. Нәтижесінде бірнеше атыс және травматикалық қару, кесілген мылтықтар, оқ-дәрілер, сондай-ақ Калашников автоматы тәркіленді. Аталған автоматтың Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланғаны анықталған.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда. “Заң мен Тәртіп” қағидатын іске асыру негізгі бағыттардың бірі болып қала береді
деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

[embed]https://youtu.be/pxqrJdZrqb4?si=ovLehlqLegdhlItx[/embed]

Бөлісу: Telegram WhatsApp