Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда 20 жастағы қыз 10-қабаттан құлап, жансақтау бөліміне түсті

Малика Хамит · · 307 қаралым
Алматыда 20 жастағы қыз 10-қабаттан құлап, жансақтау бөліміне түсті

Алматы қаласының Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 жастағы бойжеткен 10-қабаттан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қыз құлау кезінде алдымен бірінші қабаттағы темір қалқаға соғылып, кейін жерге түскен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі оны ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шегушінің жағдайы ауыр, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға алдында бойжеткен мен жігіті арасында жанжал болған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

[video width="720" height="1280" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/07/almaty.police_1783916423786.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp