Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда 270 шақырымға жуық электр желісі жаңартылады

Бақытжан Мұса · · 666 қаралым
Алматыда 270 шақырымға жуық электр желісі жаңартылады

Алматы қаласында 2026 жылы электр желілерін жаңғыртуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Жоспарға сәйкес, шаһарда жалпы ұзындығы 269,79 шақырым болатын электр желілері қайта жаңартылып, электр тарату желілері, қосалқы станциялар мен тарату бекеттері модернизациядан өтеді. Жұмыстар Алмалы, Бостандық, Наурызбай және Алатау аудандарында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 22 трансформаторлық қосалқы станция жаңартылып, «Есентай», «Шоссейная» және «Жас-Қанат» қосалқы станцияларына күрделі жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Бұдан бөлек, 2026 жылы Жетісу және Түрксіб аудандарында 110 кВ әуе электр желілерінің 30 шақырымнан астам бөлігі жаңартылып, ескі сымдар заманауи композиттік сымдарға ауыстырылады. Бұл жұмыстар қаладағы электр жүйесінің сенімділігін арттырып, энергиямен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp