Алматы қаласында 29 қараша күні мәслихат депутаттарын сайлау өтуіне байланысты қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Қала тұрғындары мен қонақтары автобустар, троллейбустар және метрополитен қызметін күні бойы ақысыз пайдалана алады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Тегін жол жүру мүмкіндігі қалалық қоғамдық көліктің барлық автобус және троллейбус бағыттарына, сондай-ақ метроға қолданылады.
Аталған шара дауыс беру күні тұрғындар мен қала қонақтарының қатынауын жеңілдету және сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Қала тұрғындарына сапарларын қоғамдық көліктің жұмыс кестесін ескере отырып, алдын ала жоспарлау ұсынылады.