Алматыда жүздеген студент мемлекеттік стипендиясы мен жолақы өтемақысын ала алмай жүрген, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Мәселеге қалалық прокуратура араласып, нәтижесінде 676 студенттің құқығы қалпына келтірілді.
Прокуратураның мәліметінше, Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінде студенттерге тиесілі төлемдер уақытында берілмеген. Жиналған берешек көлемі 50 млн теңгеге жеткен.
Қадағалау шараларынан кейін анықталған заңбұзушылықтар жойылып, студенттер алдындағы қарыз толық өтелді.
Осылайша, прокуратураның араласуынан кейін 676 студент өзіне тиесілі төлемдерін алды.