Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда 80-нен астам құтқарушы жылыту маусымына байланысты рейдке шықты

Бақытжан Мұса
ТЖМ
ТЖМ

Алматы қаласының Жетісу ауданында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жылыту маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейд ұйымдастырды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Іс-шара барысында мамандар тұрғын үйлердегі пешпен жылыту жүйелері мен газ жабдықтарын тексеріп, көміртегі тотығын анықтайтын датчиктер орнатты. Сонымен қатар тұрғындарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді.

Рейдке прокуратура, полиция, коммуналдық қызметтер, газ компаниясының өкілдері және еріктілер қатысты. Құтқарушылармен бірге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің символына айналған Алматы барысы да тұрғындармен кездесуге шықты.

Мамандар газ баллондарының техникалық жағдайы мен герметикалығын тексеріп, пештер мен газ жабдықтарын пайдалану тәртібін түсіндірді. Бұдан бөлек, мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтықтары таратылды.

Профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – жылыту маусымында өрт пен көміртегі тотығынан улану жағдайларының алдын алу.

Бөлісу: Telegram WhatsApp