Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда алапат өрттен бес адам қаза тапты: марқұмдардың бірі – бала

Малика Хамит
Алматыда алапат өрттен бес адам қаза тапты: марқұмдардың бірі – бала

Алматы қаласының Бостандық ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, бес адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған бала бар.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 112 пультіне түнгі сағат 03:44-те түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері небәрі төрт минут ішінде оқиға орнына жеткен. Алайда құтқарушылар келген кезде үй толығымен отқа оранып, жалын қатты шарпыған.

Өртті ауыздықтауға 35-ке жуық құтқарушы мен 9 арнайы техника жұмылдырылды. Тілсіз жау таңғы сағат 04:42-де толық сөндірілген.

Өкінішке қарай, өрт орнынан бес адамның мәйіті табылды. Қазір мамандар қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап, өрттің шығу себебін тексеріп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp