Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда автобус оқушыны қағып өлтірді

bahitzhanabzal · · 250 қаралым
Алматыда автобус оқушыны қағып өлтірді

Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының кіреберісінде орналасқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында оқушыны автобус басып кетті, деп жазады qandastar.kz

Оқиға салдарынан 7 жасар бала қайтыс болды. Бұл деректі Алматы облысының Полиция департаменті растады.

27 қарашада JAC автобусының жүргізушісі «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрақ аумағында артқа жүрген кезде 7 жасар баланы қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу: Telegram WhatsApp