Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда автокөлікті тіркеудің қылмыстық схемасы жұмыс істеген

bahitzhanabzal · · 252 қаралым
Алматыда автокөлікті тіркеудің қылмыстық схемасы жұмыс істеген

Фото: Колеса

Ішкі істер министрлігі мегаполисте заңсыз тіркелген 150-ден астам көлік анықталғанын хабарлады, - деп жазады qandastar.kz

ХҚКО қызметкерлерінің  «делдалдық» қылмыстық іс-әрекетке қатысы бар екені анықталды.

«50-ге дейін көлік ресімделген. 17 қатысушы ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. КЕАҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп тексеру жалғасуда», -  деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпысбаев.

Оңтүстік астанада алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпараттың заңсыз өзгеруі және көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша барлығы 17 қылмыстық іс тергелуде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp