Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда аялдаманың әйнегі автобус күтіп тұрған әйелдің үстіне құлады

Малика Хамит
Алматыда аялдаманың әйнегі автобус күтіп тұрған әйелдің үстіне құлады

Алматыда қоғамдық көлік күтіп тұрған әйелдің үстіне автобус аялдамасының әйнегі құлап кеткен, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан әйел жарақат алмаған, алайда киімі бүлінген. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әйелдің айтуынша, аялдамада автобус күтіп тұрған сәтте әйнек кенеттен үстіне құлаған. Ол мұндай жағдайға аялдама конструкциясының дұрыс бекітілмеуі себеп болуы мүмкін деп есептейді.

Оқиғаға қатысты Алмалы ауданының әкімдігі түсініктеме берді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, шағым түскеннен кейін мамандар аялдамаға тексеру жүргізіп, зақымданған әйнектің орнына жаңасын орнатқан.

«Мамандар егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп, барлық құрылымдық элементтерді қосымша нығайтты. Сондай-ақ барлық мәселелерді конструктивті түрде шешу үшін зардап шеккен тұрғынмен байланыс жасалды», – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Осылайша, аялдамадағы ақау жойылып, оның құрылымдары қосымша бекітілген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp