Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда белгісіз адамдар жылқыларды атып, құлағын кесіп кетіп жатыр

bahitzhanabzal · · 157 қаралым
Алматыда белгісіз адамдар жылқыларды атып, құлағын кесіп кетіп жатыр

Алматы облысында белгісіз адамдардың жылқыларды жол жиегінде атып, құлағын кесіп, етін сойып әкету деректері тіркеліп отыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Sn.kz_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, үш күн бұрын Еңбекшіқазақ ауданында екі үйір жылқыға шабуыл жасалған. Оқиға орнында жануарлардың басы мен ішек-қарны жол бойына шашылып қалғаны байқалған.

Кейбір жылқылардың сүбелі еті ғана сылынып, сүйек-саяғы қалдырылған. Аталған жағдай тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызып отыр. Қазір бұл дерекке қатысты тиісті органдарға хабар берілген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp