Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген

Малика Хамит · · 37 қаралым
Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген

Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз көші-қон схемасының жолын кесті.

Тексеру барысында Наурызбай ауданындағы бір бөлмелі пәтерге жүздеген адамның тіркелгені анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Прокуратура мәліметінше, пәтер иесі материалдық сыйақы алып, нақты тұрмайтын 990 адамды өз мекенжайына тіркеп отырған. Осылайша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі әшкереленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот пәтер иесін кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қадағалау органы азаматтарға көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауды ескертіп, жалған тіркеу үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап етті.

Бір бөлмелі пәтерде мыңға жуық адамның тіркелуі Алматыдағы заңсыз тіркеу схемаларының әлі де өзекті мәселе екенін көрсетті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp