Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Мәліметке сәйкес, балалар 12-13 қазан аралығында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Бұдан бөлек, мектеп-интернаттағы тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.
Оқиғаға байланысты мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Мамандар зертханалық зерттеу жүргізу үшін қажетті сынамаларды алды.
Қазіргі уақытта жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.