Алматыда бір жарым тәулік ішінде рекордтық көлемде жауын-шашын түсті, деп хабарлайды
порталы.
10 мамыр сағат 11:00-ден 11 мамыр сағат 20:00-ге дейін қалада 50,4 мм жауын жауған. Бұл мамыр айындағы орташа айлық норманың 51 пайызына тең.
Нөсер жаңбырға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысқа көшті. Мамандар су басу қаупінің алдын алып, көшелердегі суды жедел шығарумен айналысып жатыр.
Қалалық Құтқару қызметі арнайы техника мен мотопомпаларды кезекшілікке қойған. Ал төтенше жағдайлар қызметі ондаған техника мен жүздеген маманды жұмылдырған.
Жалпы, қала инфрақұрылымының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін бір тәулікте 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 мыңнан аса арнайы техника тартылды. Сонымен қатар, жедел әрекет ету үшін мыңдаған құм қаптары дайындалған.
Синоптиктердің мәліметінше, 12 мамыр күні Алматының кей жерлерінде тағы да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ал 13 мамырдан бастап күн райы тұрақтанып, жауын-шашын тоқтайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)