Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда бір түнде 36 мм жауын-шашын түсті

Бақытжан Мұса
Фото: BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Алматыда бір түнде 36 мм-ге дейін жауын-шашын жауды. Қала коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп, көшелер мен аулаларда жиналған суды сорып жатыр, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматыда жаңбыр 10 қараша кешінен бері жауып тұр. 11 қараша күні сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қалада 23 мм, Медеу ауданында 26 мм, ал Каменск үстіртінде 36 мм жауын-шашын тіркелген.

Қазір су басу қаупінің алдын алу және жиналған суды тазарту жұмыстарына 85 жедел бригада, 415 арнайы техника мен 97 мотопомпа жұмылдырылған. Сонымен қатар жол саласының 3 253 жұмысшысы тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр.

Синоптиктердің болжамынша, 11 қараша күні Алматыда жаңбыр оқтын-оқтын жауады. Тағы 10 мм-ге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Осыған байланысты қала әкімдігі жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, су жиналуы мүмкін аумақтарға көлік қоймауды ескертеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp