Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда болашақ заңгерлерге құқық қорғау қызметінің мүмкіндіктері таныстырылды

Бақытжан Мұса · · 289 қаралым
Алматыда болашақ заңгерлерге құқық қорғау қызметінің мүмкіндіктері таныстырылды

Алматы қаласында құқық қорғау саласына жас мамандарды тартуға арналған кездесу өтті. Іс-шара Алматы қалалық полиция департаменті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды, дейді Qandastar.kz сайты.

Кездесуге заң факультетінің бітіруші курс студенттері қатысып, ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктерімен танысты. Полиция департаментінің өкілдері студенттерге жұмысқа қабылдау талаптары, қызмет өткеру тәртібі, әлеуметтік қолдау шаралары және мансаптық даму мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.

Сондай-ақ болашақ заңгерлерге тергеу және анықтау бөлімшелерінің қызметі, қылмыстарды ашу мен тергеп-тексерудегі рөлі, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы маңызы түсіндірілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер студенттер мен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайтып, салаға білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Алматы қалалық полиция департаменті кадрлық әлеуетті арттыру және жастарды құқық қорғау қызметіне қызықтыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.

Бөлісу: Telegram WhatsApp