Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда дауылды ескерту жарияланды

Бақытжан Мұса · · 764 қаралым
Алматыда дауылды ескерту жарияланды

Казгидромет пен ТЖ қызметінің мәліметінше, 22-24 мамыр аралығында Алматыда дауылды ескерту жарияланды. Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі, дейді Qandastar.kz. Соның салдарынан өзендердегі су деңгейі көтеріліп, кей жерлерді су басу қаупі бар.

Мамандар жеке үй тұрғындарына су ағар және дренаж жүйелерін алдын ала тексеріп, дайындауға кеңес берді. Сонымен қатар қала тұрғындары мен туристерге аталған күндері тауға бармау ұсынылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp