Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда Достық даңғылы бойындағы заңсыз нысан бұзылды

Бақытжан Мұса · · 1 102 қаралым
Алматыда Достық даңғылы бойындағы заңсыз нысан бұзылды

Алматы қаласындағы Достық даңғылы, 42/74 мекенжайында орналасқан заңсыз салынған құрылыс нысанын бұзу жұмыстары жүргізілуде. Аталған ғимарат тиісті рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Бұл нысанда қоғамдық тамақтану орны жұмыс істеген. Алайда тексеріс барысында оның заң талаптарына сай келмейтіні белгілі болған.

Сот шешімімен нысан иесіне заңсыз салынған құрылымды бұзып, жер телімін бастапқы қалпына келтіру міндеттелді.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен бұзу жұмыстары басталып, объектіні толықтай алып тастау процесі қолға алынды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp