Алматыда 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұған 10 кВ кернеулі кабель желісін тарту жұмыстары себеп болады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Жұмыстар 22 қараша күні сағат 22:00-де басталып, 23 қараша таңғы сағат 06:00-ге дейін жалғасады. Кабель желісі ашық әдіспен төселеді.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін мердігер ұйым жол жабыны мен абаттандыру элементтерін қалпына келтіреді.
Осыған байланысты жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеру сұралады.