Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр

Бақытжан Мұса
ТЖМ
ТЖМ

Алматыда екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттан өрт шықты. Оқиға орнына ТЖМ өрт сөндірушілері жедел жетіп, жалынды ауыздықтауға кірісті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған. Сондай-ақ өрттің жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі болған.

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақырту дәрежесі бойынша жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы штаб құрылды.

Қазіргі уақытта жағдай өрт сөндірушілердің бақылауында. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp