Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда ер адам аялдамада тұрған қарияны аяусыз ұрып-соқты (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 425 қаралым
Алматыда ер адам аялдамада тұрған қарияны аяусыз ұрып-соқты (ВИДЕО)

Алматыда ер адам аялдамада тұрған зейнеткер әйелді ұрған, деп хабарлайды

порталы.

66 жастағы әйелдің туыстарының айтуынша, ол ауруханаға жеткізілді.

Шабуыл жасаған адам бес жыл бұрын адам өлтіруге қатысы болған, алайда кейін бостандыққа шыққан, деп отыр туыстары.

Бостандық аудандық полиция бөлімі әйелге жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қаскөй дереу анықталды. Тергеу шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаны жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін бірқатар тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Біз жазаның сөзсіздігі қағидаты құқық қорғау органдарының жұмысының негізі екенін атап өтеміз. Кез келген заңсыз әрекеттер, әсіресе зорлық-зомбылыққа қатысты әрекеттер тоқтатылады және кінәлілер толық жауапкершілікке тартылады
дейді полициядағылар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @ilmira.g.a
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp