Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда ер адамға аңшылық мылтықтан оқ атылды: күдікті қолға түсті

Малика Хамит · · 321 қаралым
Алматыда ер адамға аңшылық мылтықтан оқ атылды: күдікті қолға түсті

Алматыда екі таныс адамның арасындағы жанжал атыспен аяқталды.

Оқиға бойынша адам өлтіруге оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды

порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдардың арасындағы кикілжің күндіз қаланың төменгі бөлігіндегі кафелердің бірінің маңында өткен іс-шара кезінде басталған. Біраз уақыттан кейін олардың бірі қарсыласының үйіне барған. Сол жерде қайта туындаған жанжал барысында үй иесі аңшылық мылтықпен оқ атқан.

Салдарынан 31 жастағы ер адам жарақат алып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Полиция жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай қолға түсірген. Қазір оған қатысты адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ тәркіленген аңшылық мылтықтың заңды тіркелуі мен сақталу тәртібі де тексерілуде. Оқиғаның өзге мән-жайын тергеу анықтайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp