Алматыда гранатаға ұқсас зат алып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Алматы қаласындағы Райымбек даңғылында полицейлер күдік тудырған ер адамды тоқтатып, тексеру жүргізді.
Тексеру барысында оның портфелінен пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылған.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен саперлар шақырылып, күмәнді затқа сараптама жасалды.
Тергеу нәтижесінде тәркіленген заттың жаттығу гранатасы екені анықталып, оның ешқандай қауіп төндірмейтіні белгілі болды.
Ұсталған азамат заттарды бұрын тауып алғанын, ал пышақты тұрмыстық қажеттілік үшін алып жүргенін айтқан. Қазіргі уақытта бұл мәліметтердің растығы тексеріліп жатыр.
[video width="720" height="1280" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/almaty_police_department_1781500445631.mp4"][/video]
Сонымен қатар ер адамның бұрын сотталғаны анықталды.
Полиция тұрғындарға қару-жараққа немесе жарылғыш заттарға ұқсас бұйымдарды алып жүрмеуге кеңес берді.