Алматыда заң бұзғаны үшін арнайы тұраққа жеткізілген көліктерді эвакуациялау және сақтау қызметтерінің ақысы өзгереді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Жаңа тәртіп 4 қазаннан бастап күшіне енеді. Енді көлікті арнайы тұраққа жеткізу үшін оның түріне қарамастан 3 АЕК, яғни 12 975 теңге төлеу қажет.
Ал автокөлікті арнайы тұрақта сақтау құны мынадай болады:
алғашқы тәулік – 2,5 АЕК (10 812,5 теңге);
әр келесі тәулік – 5 АЕК (21 625 теңге).
Осыған байланысты қазір коммуналдық арнайы тұрақта тұрған көліктердің иелеріне оларды 3 қазанға дейін алып кету ұсынылды.
Жаңа төлем тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес ұсталып, арнайы тұраққа эвакуацияланған көліктерге қатысты қолданылады.