Алматыда Интерпол іздеген Түркия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz. Қылмыскер жеңгетайлық жасағаны үшін іздеуде жүрген, сонымен қатар жынысын ауыстырып әйел болып шыққан.
Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті басшысы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, оқиға өткен жылдың қазан айында орын алған.
«Түркия азаматы Алматы әуежайында Баку қаласына ұшар алдында ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаннан кейін оның ер адамнан әйелге айналғаны анықталды. Қазіргі таңда оны Түркияға экстрадициялау мәселесі қаралуда», – деді полиция генерал-майоры.
Еске салсақ, өткен жылы Қазақстанда басқа елдердің құқық қорғау органдарының өтініші бойынша 690 адам ұсталса, биылдан бері 60 адам қолға түскен.