Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда келесі аптада күн 29 градусқа дейін ысиды

Бақытжан Мұса · · 1 296 қаралым
Алматыда келесі аптада күн 29 градусқа дейін ысиды

Синоптиктер Алматыда келесі аптада ауа райы біртіндеп жылынатынын хабарлады. Алдын ала болжамға сәйкес, демалыс күндері мен аптаның басында күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Алайда аптаның екінші жартысында қалада қайтадан жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Qandastar.kz.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Алматы мен Алматы облысындағы ауа райына Ресей аумағынан келген антициклон әсер етеді. Соның нәтижесінде өңірде тынық әрі құрғақ күн райы сақталады.

16-19 мамыр аралығында жауын-шашын болжанбайды. Осы күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, демалыс күндері +20…+22 градус болса, дүйсенбіде +25…+27 градусқа дейін жылынады.

Аптаның екінші жартысынан бастап мегаполисте қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Синоптиктердің айтуынша, бұл құбылыс таулы аймақтарда пайда болатын конвективті бұлттардың әсерінен қалыптасады.

Жауын-шашынға қарамастан, Алматыда күн жылына береді. Апта соңында ауа температурасы +27…+29 градусқа дейін жетеді.

16-22 мамырға арналған ауа райы болжамы:

  • 16 мамыр – бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз +20…+22°С.
  • 17 мамыр – жауын-шашынсыз, күндіз +23…+25°С.
  • 18 мамыр – күн ашық, күндіз +25…+27°С.
  • 19 мамыр – жауын-шашынсыз, күндіз +23…+25°С.
  • 20 мамыр – аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз +25…+27°С.
  • 21 мамыр – өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз +27…+29°С.
  • 22 мамыр – жаңбырлы әрі найзағайлы ауа райы сақталады, күндіз +27…+29°С.

Бұған дейін синоптиктер сенбі күні Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасының нашарлайтынын да ескерткен болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp