Алматыда құқық қорғау органдары «Kizdar.net» интернет-ресурсына қатысты арнайы операция жүргізіп, сайттың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қала прокуратурасының мәліметінше, ресурс ұзақ уақыт бойы ақылы интимдік қызметтерді ұйымдастыру және жарнамалау үшін пайдаланылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, сайт 2011 жылдан бері жұмыс істеген.
Күдікті деп танылған ұйымдастырушылар ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды.
Олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.
Тергеу барысында жүргізілген тінтулер кезінде ірі көлемдегі ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және басқа да заттай дәлелдемелер алынған.
Алдын ала есеп бойынша, күдіктілердің заңсыз табысы 2 миллиард теңгеден асуы мүмкін.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Істің қаралуы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауына алынған.