Алматы қаласының Алатау ауданында жеңіл автокөліктің қозғалтқыш бөлігі өртенді. Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері жалынды қысқа уақытта сөндірді. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Өрт Фариза Оңғарсынова көшесінде болған. Құтқарушылар өртті сөндіру кезінде ауа-механикалық көбікті қолданды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ автокөлік иелеріне көліктегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертті.