Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда мас жүргізуші ұрланған көлікпен жүрген жерінен ұсталды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 22 қаралым
Алматыда мас жүргізуші ұрланған көлікпен жүрген жерінен ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері күдікті жүргізушіні тоқтатып, бірден бірнеше заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға Тимирязев пен Шашкин көшелерінің қиылысында болған.

Тексеру кезінде Kaiyi көлігінің жүргізушісінен алкогольдік масаңдық белгілері байқалып, ол көлік басқарудан шеттетілді.

Полицейлердің мәліметінше, ер адамның бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болған. Бұдан бөлек, оның тізгіндеген көлігі Наурызбай ауданынан ұрланған автокөлік ретінде іздеуде жүргені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта көлікті заңсыз иемдену және көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның мас күйде рөлге отыру фактілері бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Дәйексөз

Полиция мас күйде көлік жүргізу жолдағы өзге адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретінін еске салды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp