Алматы әкімдігінің 2026 жылғы 22 мамырдағы қаулысына сәйкес, мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі түрде иеліктен шығару рәсімі басталды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Құжатта Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауында орналасқан 197 жер телімі мен басқа да нысандар мемлекет мұқтажына алынатыны көрсетілген.
Бұл жұмыстар “Шығыс қақпасы” көпфункциялы орталығына апаратын кіреберіс жолды, соның ішінде Бұқтырма көшесіне дейінгі жол бөлігін салу мақсатында жүзеге асырылады.
Мәжбүрлі иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Сонымен қатар Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасына жер иелеріне заңға сәйкес өтемақы төлеу және рәсім аяқталғаннан кейін жер телімдерін Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының қарамағына өткізу тапсырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат шағынауданында “Шығыс қақпасы” 110 кВ электр қосалқы станциясының құрылысына байланысты да жер учаскелері алынатыны хабарланған еді.