Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдері мәжбүрлі түрде алынады

Бақытжан Мұса · · 222 қаралым
Алматыда мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдері мәжбүрлі түрде алынады

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі қаулысына сәйкес, мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер телімдері мен жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі түрде иеліктен шығару рәсімі басталды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп хабарлады хабарлады.

Құжатқа сай, “АСК Престиж” ЖШС-не тиесілі жалпы аумағы 1,6523 гектар жердің 0,9805 гектары мемлекет қажетіне алынады. Аталған аумақ Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында орналасқан.

Бұл жерде 110 кВ “Шығыс қақпасы” электр қосалқы станциясын салу жоспарланып отыр. Иеліктен шығару процесі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Жер иесіне заңға сәйкес өтемақы төленіп, кейін бұл аумақ Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының қарауына беріледі.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 22 тамызда қабылданған бұрынғы қаулының күші жойылды. Ол құжат Медеу ауданында Керей-Жәнібек хандары көшесінің бойында саябақ пен көлік-ауысым торабын салу үшін жер телімдерін алу туралы болған.

Бұған дейін Алматыда ҰҚК арнайы бөлімшесіне арналған жер телімдерін беру жоспарланғаны да хабарланған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp