Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда өгей ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Малика Хамит · · 615 қаралым
Алматыда өгей ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Алматыда отбасылық жанжалдың соңы қайғылы оқиғамен аяқталды.

Салдарынан 59 жастағы ер адам қаза тауып, оның 34 жастағы өгей ұлы күдікке ілінді, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға түнгі сағат 03:00 шамасында Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған.

«102» арнасына пышақ жарақатын алған адам туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жедел жеткен.

Дәрігерлер зардап шеккен азаматтың өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ол көптеген пышақ жарақаты мен көп қан жоғалтудың салдарынан көз жұмды.

Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол марқұмның 34 жастағы өгей ұлы. Тергеу нұсқасына сәйкес, жанжал анасына қатысты туындаған кикілжіңнен кейін басталып, күдікті өгей әкесіне асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған.

Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp