Алматыда полицияның жоспарлы оқу-жаттығуы кезінде жарық-дыбыстық граната мерзімінен бұрын іске қосылды, деп хабарлайды
порталы.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында болған бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Полиция әлеуметтік желілерде және кейбір ақпарат көздерінде тараған қызметкерлердің жаппай зардап шеккені немесе ауыр жағдайда екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпарат көздерінде тараған қызметкерлердің жаппай зардап шеккені және олардың ауыр халде екендігі туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді
Сондай-ақ полиция тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырып, жалған мәлімет таратқаны үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.