Мазмұнға өту
qandastar.

“Алматыда өмір сүру мүмкін болмай барады”: бойжеткеннің жанайқайы көпшілікті ойландырды

bahitzhanabzal · · 122 қаралым
“Алматыда өмір сүру мүмкін болмай барады”: бойжеткеннің жанайқайы көпшілікті ойландырды

Алматылық жас қыз ірі қаладағы қымбатшылықтың салдарынан өмір сүру барған сайын қиындап бара жатқанын айтып, көз жасына ерік берді, деп жазды qandastar.kz

Айтуынша, соңғы айларда күнделікті қажетті тауарлардың бағасы айтарлықтай өсіп, тіпті азық-түлікті де дүкендерден бөліп төлеуге алуға мәжбүр болған.

“Өмірден ләззат алу атымен жоқ. Тек әйтеуір тырмысып күн кешудемін. Бар тапқан ақшам пәтерақы мен азық-түлікке кетеді. Қалғанына жеткізу мүмкін емес”, – дейді ашынған бойжеткен.

Қазір көптеген алматылық жастар осындай қиындыққа тап болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, тұрғын үй бағасы мен күнделікті тауарлар құнының шарықтауы жастардың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай әсер етуде.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp