Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты: бір адам мерт болды

Малика Хамит
Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты: бір адам мерт болды

Алматыда өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Арнайы көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Жол апаты 17 қарашаға қараған түні сағат 00:40 шамасында Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысында болған.

Полицияның мәліметінше, өрт сөндіру көлігі шұғыл шақыртуға бара жатқан. Сол кезде арнайы көліктің жарық және дыбыс сигналдары қосулы болған.

Қиылыстан өту кезінде ол жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Соққы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Оған медициналық көмек көрсетілгенімен, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады.

Ал өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған жол апатына байланысты адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp