Жазатайым оқиға Алматы-2 теміржол вокзалында орын алды, деп хабарлайды
порталы.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына 13 жедел жәрдем көлігі жіберілді.
52 адам қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді.
Тексерістен кейін 10 бала ауруханаға жатқызылды, оның 2-еуі жансақтау бөлімінде, ал қалғаны тиісті бөлімшелерде жатыр
Ауруханадағы науқастардың жағдайы – дәрігерлердің бақылауында.
Қалғандары тұрғылықты жерінде амбулаториялық ем алуға жіберілді.
Оқиғаға қатысты «Қазақстан темір жолы» компаниясы да пікір білдірді.
Компания мәліметінше, бұл пойыз «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрамына кірмейді және жеке тасымалдаушыға тиесілі.
Вагондар түсірілім үшін киностудияға берілген
Оқиғаның мән-жайын құзыретті органдар тексеріп жатыр.