Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында поролон өндіретін цех өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері жалынды толық сөндіріп, оның әрі қарай таралуына жол бермеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
112 пультіне өрт туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жедел жеткен.
Барлау жұмыстары барысында жеке тұрғын үй ауласында орналасқан поролон өндіретін цехтың өртеніп жатқаны анықталды.
Өртті сөндіру жұмыстары қою түтін мен цех ішіндегі материалдардың тез тұтанғыштығына байланысты қиындаған. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.
Өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.