Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда психологиялық семинар ұйымдастырушысына айыппұл салынды

Бақытжан Мұса · · 115 қаралым
Алматыда психологиялық семинар ұйымдастырушысына айыппұл салынды

Алматыда психологиялық семинар ұйымдастырушысына айыппұл салынды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, іс-шара барысында кейбір қатысушылар қоғамдық тәртіпті бұзып, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан дейді Qandastar.kz.

Оқиғаға байланысты семинар ұйымдастырушысына қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс сотта қаралып, нәтижесінде ұйымдастырушыға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл мөлшері 80 760 теңгені құрады.

Құқық қорғау органдары қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және әдеп нормаларын сақтау әр азаматтың міндеті екенін ескертті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp