Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда қолына тапанша ұстаған әйел ұсталды

Малика Хамит 15 қаралым
Алматыда қолына тапанша ұстаған әйел ұсталды

Алматыда тапанша мен бес оқ-дәрі алып жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Алматыда полицейлер 9 миллиметрлік тапанша мен бес оқ-дәрі алып жүрген әйелді ұстады. Әйелдің айтуынша, ол қаруды Есентай өзенінің маңынан тауып алған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйелдің қолынан 9 мм калибрлі тапанша және оған арналған бес оқ-дәрі табылған.

Ұсталған әйел қаруды полицияға жолыққанға дейін бір-екі сағат бұрын өзен маңынан тауып алғанын айтқан.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қарудың қайдан шыққаны, оның кімге тиесілі екені және әйелдің оны қандай мақсатта алып жүргені әзірге белгісіз.

Бөлісу: Telegram WhatsApp