Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда сәбиін көтеріп курьер болып жүрген әйел ел назарын аударды

Бақытжан Мұса · · 704 қаралым
Алматыда сәбиін көтеріп курьер болып жүрген әйел ел назарын аударды

Алматыда сәбиін құшағына көтеріп жүріп курьерлік қызмет атқарған әйелдің фотосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көпшіліктің назарын аударды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Суретті Threads желісінде блогер Sasha Wu’style жариялаған. Оның айтуынша, ол әйелді Алматы қаласындағы Брусиловский көшесінде көрген. Блогер жазбасының қоғамда үлкен резонанс тудырғанын, алайда әйелге сол сәтте көмек ұсына алмағанына өкініш білдірді.

Желі қолданушылары жарияланым астында әйел мен оның сәбиіне қолдау көрсетуге дайын екенін жазды. Кейбірі құқықтық көмек ұсынса, енді бірі балаға қажетті заттар мен арба алып беру үшін қаражат жинауды ұсынған.

Алайда көп ұзамай белгісіз адамдар әйелдің атын пайдаланып, әлеуметтік желілерде ақша жинай бастағаны белгілі болды. Осыған байланысты азаматтар қайырымдылық жасамас бұрын ақпараттың шынайылығына көз жеткізуге шақырылуда.

Көптеген қазақстандықтар жас анаға жанашырлық танытып, оның жағдайына бейжай қарамайтынын білдірді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp